Алматы облысының ҚАЖД-де «Көктем аруы-2021» байқауы өткізілді
Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде «Көктем аруы-2021» байқауы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқауға Алматы облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері қатысты.
Байқау барысында сайысқа қатысушылар қазылар алқасына өздерін таныстырды. Содан кейін талапкерлер өз өнерлерін ортаға салды. Байқау сәнді көйлектер шеруімен аяқталды.
Қыздардың өнерін құрамында кәсіпкерлер, сондай-ақ би және музыка мамандарынан құралған тәуелсіз құзыретті қазылар алқасы бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын мен «Көктем аруы-2021» атағын ЛА-155/12 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің жеке құрам бойынша инспектор-психологы Айдана Тәңірбергенова жеңіп алды. Екінші орынды ЛА-155/8 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің аға инспекторы Алида Турдибекова иеленсе, үшінші орын ЛА-155/4 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы Еңлік Тапановаға бұйырды.