Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда ноутбук ұрлаған жігіт ұсталды

Тараз қаласының полицейлері ноутбук ұрлаған облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 наурызда Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел хабарласып, сол күні, түнгі сағат 03:00-де қонақта болған жігіт оның ноутбугін ұрлап кеткені туралы шағымданған.

Материалдық шығын көлемі 148 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ноутбук ұрлады деген күдікпен облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Материалдық дәлелдеме зат – ноутбук тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру