Сыр сақшылары жеңгетайларды құрықтады
Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан 3 азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысында “STOP трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген үш азаматша анықталды. 24 наурыз күні полицейлер рейдтер барысында облыс орталығының сауналарында пайда табу мақсатына саунаға келген тұтынушыларға жеңіл жүрісті қыздарды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан 35, 38, 40 жастағы сауна әкімшілерін ұстады.
Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.