Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей тұрғыны қонаққа келіп, үй иесінің қалтасына қол салған

Семейде таныстарын қонаққа шақырған жас жігіт 55 мың теңгесінен айырылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының ПБ Орталық полиция бөлімінің “102” жедел арнасына 21 жастағы жас жігіт хабарласып, үйіне келген қонақтардан кейін банк карточкасынан 55 000 теңгесі жоғалып кеткенін айтты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 19 жастағы жігітті ұстады. Күдікті ұрланған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып, өз кінәсін мойындады. Тексеру барысында күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру