Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Топтасып жұмыс жасайтын жамбылдық алаяқтардың әрекеті әшкереленді

Топтасып жұмыс жасайтын жамбылдық алаяқтардың әрекеті әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті бес тұрғын орын алған алаяқтық дерегі бойынша шағыммен жүгінген.
Жәбірленушілер барлық жағдайлар бойынша бейтаныс адамдардың сеніміне кіріп, оларға жер учаскелерін төмен бағамен сатып алуға көмектесуге уәде бергенін айтты. Олардың ақшаларын алдау жолымен иемденген, жалпы материалдық шығын көлемі он бір миллионнан асады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының Полиция басқармасы 2-полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері аталған алаяқтық дерегін жасады деген күдікпен 46 жастағы әйел мен 24 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Күдіктілердің екеуі де жасаған қылмыстарын мойындады.

Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, ұсталған күдіктілердің басқа да осындай ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру