Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық жедел уәкілдер есірткі жеткізумен айналысқан күдіктілерді ұстады

Қостанайлық жедел уәкілдер есірткі жеткізумен айналысқан күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 наурызда Қостанай полицейлері Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Қостанай облысына және Нұр-Сұлтан қаласына «гашиш» және «марихуана» есірткі заттарының көтерме партияларын жеткізуді және өткізуді ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топтың қатысушыларын ұстады.

Жедел іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бас күдікті Денисов ауданының 51 жастағы тұрғынын анықтады.

2021 жылдың қаңтарында ер адам сегіз адамнан тұратын тұрақты қылмыстық топты ұйымдастырды, онда әркімнің өз рөлі болды. Есірткіні сату үшін ол бес жергілікті тұрғынды тартқан.

Есірткінің көтерме партиясын сатушы рөлінде Жамбыл облысы Шу ауданының 67 жастағы тұрғыны, жеткізуші рөлінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болған. Есірткінің кезекті партиясын тасымалдау кезінде жеткізушіден салмағы бес килограмнан асатын гашиш салынған пакет алынды.

https://youtu.be/Qtvno8XQHwk

Ұйымдастырушыдан тұрғылықты жері бойынша 26 гашиш таблеткасы, сондай-ақ ақша қаражаты мен банк карталары табылды және алынды.

Қатысушылардан алынған есірткі заттарының жалпы салмағы 10 килограмнан астам гашиш пен марихуананы құрады.

Ұстау операцииясы Қостанай, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында бір мезгілде жеті полиция тобымен жүргізілді.
Қазіргі уақытта барлық күдіктілер қамауға алынды. Одан әрі тергеу-жедел іс-қимылдар жүргізілуде.

Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асылбек Әлмағамбетовтың айтуынша, жыл басынан бері полиция қызметкерлері есірткіге байланысты 130-дан астам қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтаған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 17 килограмнан асады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру