Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жаяу жүргіншілерді қаққан жүргізуші ұсталды

Қызылордалық полицейлер жаяу жүргіншілерді қаққан жүргізушіні 1 сағат ішінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23 наурыз күні сағат түнгі 23:52 шамасында Қызылорда қаласы, Бұқарбай батыр көшесінің бойында жаяу жүргіншілер өткелімен өтпек болған екі азаматшаны белгісіз автокөліктің қаққандығы туралы полицияға хабарлама түсті.

Орын алған ЖКО бойынша жедел түрде іздестіру шаралары басталып, оқиға орнынан сұрастыру жұмыстары жүргізілді.

Кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде бір сағат ішінде күдікті автокөлік анықталды. Көлік тізгіндеген 36 жастағы қала тұрғынына қатысты оқиға орнында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Жедел әрекет еткен Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Іздестіру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Нартай Азат ізін суытпай күдікті автокөлікті анықтады. Тәжірибесі мол, өз міндетін жауапты әрі қырағылықпен орындайтын полицей Нартай Азат Ішкі істер органдарында 2010 жылдан бері қызмет атқарады.

Жаяу жүргіншілердің бірінің інісі әлеуметтік желілер арқылы Нартай Азат бастаған қызметкерлер тобына алғысын білдіріп, жазба қалдырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру