Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер ұрланған смартфонды өз иесіне қайтарып берді

Қызылордада полицейлер ұрланған смартфонды өз иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 наурыз күні Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны арызданған болатын. Белгілі болғандай, арызданушының айтуы бойынша сауда орталықтарының бірінде қызының қалтасынан «Samsung Galaxy A-71» смартфоны ұрланған. Келтірілген материалдық шығын 127 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Ол 2002 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Ұялы телефон иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру