Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында сотталғандардың қысқа және ұзақ мерзімді кездесулері тоқтатылды

Алматы облысында сотталғандардың қысқа және ұзақ мерзімді кездесулері тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз эпидемиялық жағдайға және Алматы облысында сырқаттанушылықтың жалғасуына байланысты, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мекемелер мен тергеу изоляторында КВИ-ның пайда болуы мен таралуына жол бермеумен инфекцияның әкелінуін болдырмау мақсатында сотталғандармен және тергеудегілермен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерді тоқтатты.

Тергеу немесе сот әрекеттерін жүргізу үшін тергеушіге және адвокаттарға сотталғандармен айыпталушылардың қатысуымен жүргізілетін барлық іс-шараларды олардың қорғау костюмдерін, маскаларды немесе респираторларды, резеңке қолғаптар мен міндетті түрде пайдалана отырып және тергеу әрекеттеріне қатысушылар арасында кемінде бір метр қашықтықты сақтаумен жүзеге асырылады.

– Алматы облысы бойынша ҚАЖД барлық мекемелерінде облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін сәуір айының 3-нен бастап обсервация режимі енгізілді. Өңірде “қызыл аймақ” деңгейі алынғаннан кейін, санитарлық профилактикалық іс-шараларды ескере отырып, қалыпты режимде мекемелердің қалыпты жұмысы жүзеге асырылатын болады, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Серік Әбдікәрімов.

Шектеулер 03 сәуірден бастап “ерекше нұсқауға дейін” енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру