Жиhaзға тапсырыс берген ақтаулық тұрғындар алданып қалды
Жиhaзға тапсырыс берген ақтаулық тұрғындар алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 28 наурыз күні Ақтау қаласының полициясына алаяқтық туралы үш тұрғын арызданды.
Олар жиһаз жасауға уәде берген алаяқтың құрбаны болды, бірақ алдын-ала төлем алғаннан кейін хабарсыз кеткен. Келтірілген шығын көлемі 655 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.