Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлігінің терезесін күңгірттеген шымкенттік жауапқа тартылды

Шымкентте бір жылдың ішінде қайтадан көліктің әйнектерін күңгірттегені үшін жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жумаханбетовтің бастамасымен 2021 жылғы 2 сәуір күні қала аумағында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен “Тонировка” рейдтік іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен терезесі күңгірттелген мемлекеттік белгісі 007AZA13 “Range Rover” маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Тексеру барысында бір жылдың ішінде аталған көліктің жүргізушісі терезесін күңгірттеп көлікті басқарып жүргені белгілі болды. Нәтижесінде жүргізуші бір жыл ішінде осы ережені қайталап бұзғаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 10-бөлігімен (Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылды.

Құрметті жол жүру қатысушылары! Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру