Шымкентте 415 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді
Шымкентте 415 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда.
Топ құрамында Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлері, Тауарлар мен қызметтер сапасын мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және әкімдік өкілдері бар.
Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында құрылған мобильдік топ өкілдері карантин талаптарын қадағалау мақсатында тұрақты іс-шаралар жүргізуде. Яғни мобильдік топ кәсіпкерлерге карантин талаптары жөінінде ақпарат беріп, шектеу шараларын елемегендерге заңды шара көруде.Карантин талаптары сақталмаса қауіпті індеттің ода әрі өршитіні анық. Мамандардың айтуынша, медециналық бетперде мен қорғаныс құралдарын пайдалану – күнделікті әдетке айналғаны жөн. Сондықтан әр біріміз үшін қарапайым ережелерді сақтау өте маңызды.
Шаһарда 415 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды: кәсіпкерлік нысан – 383, жеке нысан – 32.