Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда үш автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды

Көкшетауда үш автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 06 сәуірде сағат 21.55-те Көкшетау қ. ПБ кезекші бөліміне белгісіз адамнан Назарбаев даңғылы мекенжайы бойынша орналасқан теннис орталығының жанында жол-көлік оқиғасы орын алғаны, зардап шеккендер бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары «Ниссан Примера», «Лада Гранта» және «Фольксваген Гольф» маркалы үш автокөлік құралының қатысуымен жол-көлік оқиғасының болғанын анықтады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада грант» автокөлігінің 42 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Алдын ала диагноз – политравма. Мәйіт Көкшетау қаласының мәйітханасына жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Барлық жүргізушілерден химиялық-токсикологиялық зерттеу жүргізу үшін қан мен зәр үлгілері алынды. Медициналық куәландыруға сәйкес, барлық жүргізушілерде масаю жағдайы анықталмады.

Оқиға орнынан автокөліктер тәркіленіп, мамандандырылған тұраққа қойылды.
Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралын басқаратын адамның адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру