Қызылордалық полицейлер кезекті алаяқты қолға түсірді
Қызылордалық полицейлер кезекті алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтың арбауына түскен қала тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арызданды. «Ақша салсаң, еселеп беремін» деп уәде еткен алаяқ бұл азаматшадан 600 мың теңге көлемінде ақша алған. Түрлі сылтау айтып, уәдесін орындамайды. Осылайша, кезекті алаяққа алданғанын түсінген әйел полицияға жүгінеді. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 48 жастағы азаматша ұсталды.
Бүгінгі күні оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында күдікті қатарында танылған азаматша өзінің жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындаған.