Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері ұрылар тобын залалсыздандырды

Алматы полицейлері ұрылар тобын залалсыздандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел қызметкерлер кеше түнде оның қатысушыларын ұстау үшін арнайы іс-шара жүргізді.

– Нәтижесінде Алматы мен Жамбыл облыстарының бес тұрғыны ұсталды. Олардың ең үлкені 38 жаста, кішісі 26 жаста. Бұған дейін олар мүліктік қылмыстар үшін жауапқа тартылған. Қаскөйлердің соңғы «ісі» Бөкейханов көшесіндегі уақытша сақтау қоймасының кеңсесіндегі ұрлық болды. Терезені қысу арқылы олар ғимаратқа жасырын түрде кіріп, сол жерден жалпы сомасы 500 мың теңгеден асатын мүлікті жымқырған. Белгіленгендей, ұсталғандар мекемеге «ұрлыққа» келмес бұрын бірнеше күн бұрын келген: олар бейнебақылау камераларының орналасуын тексеріп, зерттеді. Жедел-іздестіру іс-шаралар кешені күдіктілердің есебінде тек бір ғана ұрлық емес екенін дәлелдеді. Ұсталғандардан олар мініп жүрген екі автокөлік және ірі көлемдегі ақша тәркіленді, – деп хабарлады, Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысқа қатысты басқа да сыбайластарды анықтау, сондай-ақ, заттай дәлелдемелерді іздеу және тәркілеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, жоғарыда аталған адамдардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру