Қызылордада пробация есебіндегі жеті азамат еріктілер қатарына қосылды
Қызылордада пробация есебіндегі жеті азамат еріктілер қатарына қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық пробация қызметі пробация есебіндегі азаматтармен профилактикалық, тәрбиелік мәні бар сұхбаттарды жиі өткізеді. Соның нәтижесінде, түзелу жолына түсіп, өмірден өз орнын тапқан азаматтар жетерлік. Олардың бірі жеке кәсіпке бет бұрса, бірі еріктілер тобына қосылып, тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға көмек қолын созуда.
Бүгін пробация есебіндегі жеті азамат Қызылорда облысының «Волонтерлар фронт–офисінің» жетекшісі Болатбек Айтбенбетовпен кездесіп, өздерін еріктілер қатарына қосуды сұрады. Болатбек Серікбайұлы есептегі азаматтарды қабылдап, ерікті ретінде тіркеп, алдағы өткізілетін іс-шаралардың жоспарымен таныстырды.