Ақтөбе облысында жыл басынан бері 1200-ден аса тыныштық бұзу деректері тіркелді
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 1200-ден аса тыныштық бұзу деректері тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі уақыттағы тыныштықты бұзу – учаскелік полиция инспекторлары үнемі айналысатын негізгі мәселелердің бірі. 10 сәуір күні таңертең Ағ.Жұбановтар көшесі мекен-жайынан тағы бір қоңырау келіп түсті. Облыс орталығының 58 жастағы тұрғыны хабарласып, көрші пәтердегі шығып жатқан музыка даусына шағымданды. Ақтөбе қаласы ПБ №2 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы дереу мекен-жайға барып, жалдамалы пәтерде 23 жастағы кеш ұйымдастырушысына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша хаттама толтырылды.
Қалған кеш қатысушыларымен полиция қызметкері профилактикалық әңгіме өткізіп, заң бойынша түнгі 23:00-ден кейін шулауға тыйым салатынын еске салды.
– Учаскелік полиция инспекторы – халық пен құқық қорғау органдарының диалогындағы басты тұлға. Оның міндеті – адамдарға жақын болу, олардың мәселелерін шешу, қылмысты тікелей немесе жанама түрде тоқтату.
Адамдар көпқабатты үйлерде түнгі уақытта көңіл көтере отырып, көршілерінің мазасын алады. Жыл басынан бері Ақтөбеде осындай 1200-ден астам факт тіркелді, – дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Амантурлы Такешев.