Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері танысының көлігін тонап кеткен күдіктіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері танысының көлігін тонап кеткен күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, түнгі сағат 21:30 шамасында үйінің алдында көше бойында өзіне тиесілі «ВАЗ 2107» маркалы автокөлігінде отырғанында, сырттай танысы жанына келген. Содан соң автокөлігінен «JVC» маркалы автомагнитоласын, төрт дана «Praid» маркалы колонкаларын және «Praid» маркалы буферін ашық түрде тартып алып кеткендігін жазып көрсеткен. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мың теңгеден астам.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. 

Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Түлкібас АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер оқиға орнын тыңғылықты тексеріп, куәгерлерден сұрастырып, жақын аралықтағы аумақтарды көріп шықты. Нәтижесінде полицейлер күдікті ер азаматты өз үйінен ұстады. Аталған жайтқа байланысты қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, жәбірленуші үйінің алдында өзінің көлігінде отырған. Сол сәтте ауылдасы жанына келіп, буферін сұраған. Алайда ол бермейтінін айтып, арада ерегес пайда болған. Осылайша күдікті «керек болса сұрамастан алып кете аламын» деп, жәбірленуші азаматтың көзінше автокөлік бөлшектерін шешіп алып кеткен.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер. Уақытында берілген ақпарат, қылмыстың «ізін суытпай» ашуға толық мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру