СҚО жолдарында балалардың қатысуымен 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді
СҚО жолдарында балалардың қатысуымен жеті жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері «Facebook» және «Instagram»-дағы ведомстволық аккаунттарында стриминг форматында өткен онлайн-брифингке қатысты. Басты назарда – балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу. Бұл тақырып аса өзекті, себебі күн жылысымен балалар мен бүлдіршіндер бос уақыттарының көбін көшеде өткізуде.
СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Азамат Жамұқовтың ақпараты бойынша ағымдағы жылдың үш айында облыс жолдарында балалардың қатысуымен жеті жол-көлік оқиғасы орын алған, нәтижесінде сегіз адам жарақаттанған. Жазғы оқушылар демалысы қарсаңында полицейлер ата-аналарды және педагогтарды алдын алу жұмысына атсалысуға шақырады.
Тәртіп сақшылары сабақтар өткізіп, оның ішінде онлайн режимде, мектептегі тақырыптық стендтерді назардан тыс қалдырмайды, «Жол қозғалысының жас инспекторы» жасағының жұмысына жетекшілік жүргізеді. Айта кететіні, облыста 280-нен астам осындай жасақ жұмыс істейді, бұндай жасақтардың құрамында 4310 оқушы бар. Әлеуметтік желілердің қолданушылары көкейлеріндегі сұрақтарын қойды: велосипед тепкен кезде каска мен тізеқапты кию міндетті ме, түрлі көлік маркаларына балалар креслосын қалай орнату қажет, жол белгілерінің салынуы.
Сондай-ақ, онлайн-брифинг барысында ПД Штабы бастығының орынбасары Сергей Погосский ведомствоның өткен аптадағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары туралы ақпаратпен бөлісті.
212 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Қылмысты ашу деңгейі 86%-ды құраған. Облыс жолдарындағы жағдай тұрақты. Үш жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан үш адам жарақат алған. Жол қозғалысы ережелерінің 1880 бұзушылығы анықталған, оның 99-ы белгіленген жылдамдықты асыру. Мас жүргізушілерді анықтау ерекше назарда. Бір апта ішінде көлікті масаң күйде тізгіндеген 13 адам ұсталды.
Облыстық полиция ведомствосында келесі аптада кезекті онлайн-брифингті өткізу жоспарланып отыр, тақырыбы: әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністердің қызметі.