Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ұрланған заттарды сатқан сатушының ісі сотқа жіберілді

Алматыда ұрланған заттарды сатқан сатушының ісі сотқа жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 жастағы А.есімді азаматтың қылмыстық әрекеттері полиция қызметкерлерімен өткен жылдың қараша айында анықталып, құжатталған. Сотталушыны жедел уәкілдер арнайы іс-шара кезінде ұстады.

– Бұл факт ҚР ҚК-нің 196-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша, Алматы облысы, Қарасай ауданында рұқсат етілген іздеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде әртүрлі модельдегі ұялы телефондар табылды және тәркіленді. Осы мобильді құрылғыларды тексеру кезінде ұрланған тізімге енгізілген 43 гаджет анықталды. Олардың шынайы иелері анықталып, қылмыстық іс аясында жауап алынды, – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін толығымен мойындады. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталды, оның материалдары ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 528-бабына сәйкес Алмалы ауданының прокуратурасына, содан кейін сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру