Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тұрғынның 4 бас жылқысын алып кеткен азамат ұсталды

Шымкентте тұрғынның төрт бас жылқысын алып кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 15 сәуірде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында 2020 жылдың 01 наурыз күні белгісіз біреу сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен алдап, төрт бас жылқысын алып, ақшасын бір аптадан кейін беремін деп, соңында жылқыларын да, ақшасын да кері қайтармай жүргенін көрсеткен.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі басқармасының Учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру