Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда қаскөйлер тұрмыстық вагонды ұрлау үшін эвакуаторды шақыртқан

Петропавлда қаскөйлер тұрмыстық вагонды ұрлау үшін эвакуаторды шақыртқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 сәуір күні кешке Петропавл қ. Полиция басқармасы Екінші полиция бөліміне тұрмыста пайдаланылатын доңғалақты вагонның ұрланғаны туралы арызбен қала тұрғыны жүгінді. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, ұрлық сәуірдің 5-і мен 17-сі аралығында болған. Шығын көлемі 100 мың теңгені құраған. Осындай айтарлықтай уақыт өткенімен, ұрлық жасалған ауданда камералардың болмағанына қарамастан, полицейлер ұрлық бір апта бұрын жасалғанын жылдам анықтады. Дәл осы кезде жергілікті тұрғындар көшеде кетіп бара жатқан эвакуаторды байқаған екен. Жедел уәкілдер металл қабылдау пунктерін тексере келе, ұрланған мүліктің бөліктерін анықтады. Көп ұзамай екі күдікті 18 жастағы қала тұрғыны және Тимирязев ауданының 24 жастағы тұрғыны анықталды. Екеуі де ресейлік жоғары оқу орнының студенттері. Вагонға көздері түсіп, ұзақ бақылап жүрген, нәтижесінде «сатып жіберіп» қашықтықтан тасымалы туралы келіскен.

– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, – деді Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов. – Жұмысшы кентінің аумағында ұрланған металл көп жағдайда металл қабылдау пунктерінен табылып жатады. Бизнесмендермен уағдаластықтарға қол жеткізілді: металдың қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген күдік туындаса, келісім жасаудан бас тартуға міндеттеледі. Полиция мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы – құқықтық тәртіпті нығайтуда аса маңызды. Бұл Екінші полиция бөлімі қызмет көрсететін ауданға ұқсас Петропавл аудандары үшін аса өзекті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру