Ер адам Өскеменде тұраққа қойылған көліктердің бөлшектерін ұрлаумен айналысқан
Ер адам Өскемен қаласында тұраққа қойылған автомобильдердің қосалқы бөлшектерін шешіп алумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102″ жедел арнасына қаланың 46 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 2016 жылғы тамыздан бастап 2021 жылғы қаңтар аралығында ер адам қала дүкендерінің бірінің жанына қойылған екі автомобильден қосалқы бөлшектерді ұрлап кеткенін хабарлады. Материалдық шығын 1 млн. теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, жеткізді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.