Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ҚАЖ қызметкері мүгедек сотталғанға көмек көрсетті

Алматы облысы Талғар аудандық пробация бөлімінің қызметкері мүгедек азаматқа көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдардың сот жүктеген міндеттерін орындауын бақылау мақсатында пробация қызметінің инспекторлары тұрақты түрде сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Осылайша, сотталған Искандеров Саидты тексеру кезінде Талғар облысы пробация қызметінің инспекторы Елдос Тәжібаев сотталушының денсаулығы нашарлағанын, енді ол орнынан қозғала алмайтынын анықтаған. Жас кезінде есірткіні ұзақ уақыт қолдану сотталушының денсаулығына кері әсерін тигізген.

– Сотталушының жағдайы пробация қызметкерін бей-жай қалдырмай, ол оған ең қажетті азық-түлік түрінде көмек көрсетті. Сондай-ақ, Елдос Тәжібаев сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағдарламасы шеңберінде сотталушыға мүгедектік алуға ат салысуда, – деп толықтырды Алматы облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Сотталған Искадеров Саид қызметкерге алғысын білдіріп, пробация қызметінде осындай ізгі ниетті инспекторлар көп болғанын тіледі.

– Пробация қызметкері сотталған Саидтың денсаулығының нашарлануының салдарынан қиындыққа тап болғанын біліп, өз тарапынан материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдаған. Бұл қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері ат салысып жатқан және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетудің және мейірімділіктің алғашқы акциясы емес, – деп түсіндірді департамент бастығының м.а. Қанат Ашов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру