Қостанай облысында жолдарды күтіп ұстамаған 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Қостанай облысында жолдарды күтіп ұстамаған алты лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің жол-техникалық инспекция қызметкерлері автокөлік жолдарының иелерімен бірлесіп 2021 жылдың 12-15 сәуір аралығында төрт мың шақырымнан астам, жалпы пайдаланымдағы 138 автокөлік жолдарына жоспардан тыс тексеріс өткізді.
Тексеріс кезеңінде жол төсемдерінің 1210 ақауы, оның ішінде: байқау қақпағының 103 ақауы және екі мыңнан астам жол қозғалысын реттеуге арналған техникалық құралдырдың олқылықтары анықталды.
Жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдар мен автокөлік жолдарының иелеріне 138 ұйғарым шығарылды.
Жолдарды күтіп ұстамағаны үшін ҚР ӘҚжК 631-бабының 1-бөлігі бойынша алты лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға жол қозғалысын ұйымдастыруды арттыру бойынша ұсыныспен 25 ақпараттық хат жолданды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.