БҚО-да несиесін өтеу үшін жылқы ұрлаған үш ер адам ұсталды
БҚО-да несиесін өтеу үшін жылқы ұрлаған үш ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 20 ақпан мен 28 наурыз аралығында Казталов ауданында орын алған. Еркін жайылымнан төрт бас мал жылқысын ұрлап, қорасына қамап, сойып оны қалаға әкеп екі күн қатарынан сатқан үш сыбайлас ұсталды. Жылқыны ұрлауына 1991 жылғы азаматтың мойнындағы несиесін өтеуі себеп болған.
Арнайы жедел іздестіру шаралары барысында оқиға орнында қараусыз қалған құдықтан төрт жылқының басы, аяқ-қолы мен құйрығы, сондай-ақ күдіктілерге әкелген іздер табылды. БҚО ПД Казталов ауданының 1972, 1991, 1999 жылдары туған үш азамат ұсталды.
1956 жылы туған Казталов ауданының тұрғыны, яғни жылқы иесіне 1,4 миллион теңге көлемінде шығын келтірілді.
Қазіргі таңда ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Қазір іс сотқа жіберілді.