Шымкентте алаяқтың құрбанына айналған әйелдің шығыны өндірілді
Шымкентте алаяқтың құрбанына айналған әйелдің шығыны өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 21 сәуір күні Шымкент қаласының тұрғынынан Абай ауданы Полиция басқармасына арнайы анықтаушы Серік Жантаевқа алғыс түсті.
Абай ауданы Полиция басқармасына 1987 жылы туған әйел арыз түсірген. Ол өз арызында белгісіз азамат келіп, өзін “кәсіби жиһаз шеберімін” деп таныстырып, жиһаз жасап беремін деп, 50 мың теңге ақшасын иемденіп кеткені жөнінде жазған. Алаяқтың арбауына түскенін қала тұрғыны полициядан көмек сұраған.
Абай ауданы Полиция басқармасының анықтаушысы Серік Жантаев арыз бойынша тексеру амалдарын жүргізді. Тексеру барысында жәбірленушінің шығынын кінәлі азаматтан өндіріп берді. Осыған орай қала тұрғыны Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жумаханбетовке және Абай ауданы Полиция басқармасының анықтаушысы Серік Жантаевке өз алғысын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.