Алматыда сүйіктісін аяусыз өлтірген ер адам 10 жыл 6 айға сотталды
Алматыда сүйіктісін аяусыз өлтірген ер адам 10 жыл 6 айға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әңгіме 2017 жылдың соңында өзінің 42 жастағы серігін өлтірген 30 жастағы Альберт Хасиев туралы болып отыр. Ер адамның бұл қатыгез қылмысты есірткіге масаң күйінде жасағандығы анықталды.
– Кісі өлтіру оқиғасы Хасиев азаматтың өзінің сүйіктісімен қарым-қатынасын анықтауға тырысқан Баум тоғайы аумағында болды. Шешуші аргумент ретінде қаскөй доғал затты қолданып, онымен әйелдің басынан ұрған. Содан кейін күдікті оны бірнеше рет пышақтап тастаған. Ер адам қылмыстың іздерін мұқият жасыруға тырысқанына қарамастан, оның қылмыстық әрекеттері анықталып, күдікті қамауға алынды. Осылайша, Хасиев азамат кісі өлтіруді, заңсыз түрде басқа адамға қасақана түрде өлім жасауды, яғни ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекетті жасады. Оның кінәсі сотқа дейінгі тергеу барысында дәлелденді. Қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Кейіннен А.Хасиев 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, жазасын одан әрі қатаң қауіпсіздік жағдайында өтейді, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.