Досының атын жамылып таныстарынан ақша сұраған шымкенттік анықталды
Досының атын жамылып таныстарынан ақша сұраған шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 22 сәуірінде Қаратау аудандық Полиция басқармасына жергілікті жердің 30 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, «WhatsApp» желісіне белгісіз азамат досының атынан хат жазып, 100 мың теңге қарызға сұрағандығын, содан ол ақшаны досының банкомат карточкасына аударып жібергендігін, алайда кейін ол өзін қара тізімге кіргізіп қойғанын, танысына хабарласқан уақытта ол ешқандай ақша сұрамағандығын, белгісіз азамат оның атын жамылып таныстарынан ақша сұрап жатқандығы туралы көрсеткен. Қаратау аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 25 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.