Павлодар облысында металл ұрлағандар ұсталды
Павлодар облысында металл ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Пб-не Ақсу қаласының тұрғынынан ЖШС-нің бірінің аумағынан металл құбырлар ұрланғаны туралы қоңырау келіп түсті. Сол күні полицияға ауыл тұрғыны үйінен металл қоршау ұрланғаны туралы арызданған.
– Полицейлер бірқатар іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары қаскүнемдерді ізін суытпай ұстады. Ұсталғандарға қатысты
ҚР ҚК-нің 187 (Ұсақ-түйек жымқыру) және 188-баптары (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласының Полиция бөлімінің бастығы Мыңбай Асылбеков.
Айта кету керек, облыста 94 металл қабылдау пункті жұмыс істейді. Құқық қорғау органдары үнемі профилактикалық рейдтер жүргізеді және пункт иелеріне криминалдық шикізатты қабылдау үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді.