Ақтөбеде бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Ақтөбе полициясы өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 сәуірде учаскелік полиция инспекторы Талғат Мыңжасаровтың телефонына жергілікті тұрғыннан Ақтөбе қаласының 41 разъезд ауданында орналасқан көпірден бойжеткен секіруге тырысып жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Учаскелік полиция инспекторы дереу шақыру орнына шығып, көпірдің шетінде тұрған қызды көрді. Т.Мыңжасаров әңгіме тартып, қызды ойланбаған әрекетінен бас тартуға шақырды. Бұл оқиғаның соңы жақсы аяқталды. Қызды полицей құтқарып, ата-анасына тапсырды.
18 жастағы қыздың ата-анасымен болған жанжалға байланысты көпірден секіруге тырысқаны белгілі болды. Учаскелік инспектордың жылдам әрі кәсіби іс-әрекетінің арқасында адам өмірі құтқарылды.