Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында балық аулауға шыққан азаматқа әкімшілік іс қозғалды

Балық аулауға шыққан павлодарлық тұрғын ұсталып, оның үстінен әкімшілік іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Павлодар облысы Аққулы ауданының полиция бөлімінің табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері аудан бойынша рейд жүргізді. Рейд барысында Бесқарағай ауылының маңындағы Ертіс өзенінің жайылымында “ВАЗ-2110” маркалы автокөлік тоқтатылды. Тексеру кезінде багаж бөлімшесінде резеңке қайық пен балық аулау торлары табылды, – деді Павлодар облысы Аққулы ауданының полиция бөлімінің бастығы Тасқын Бодиев.

Полиция тыйым салынған мерзімде, тыйым салынған құралдармен немесе әдістермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау ережелерін өрескел бұзғаны үшін, сондай-ақ қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа түрлерін жүзеге асыру ережелерін қосқаны үшін бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру