Дүкендегі 19 қорап кәмпитті қойнына тыққан жас петропавлдық анықталды
Петропавл полицейлері кәмпит ұрлаған күдікті қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қ. ПБ Екінші бөліміне Сәтбаев көшесіндегі дүкенінде жасалған ұрлықты анықтаған кәсіпкер жүгінген. Есеп жүргізу кезінде тауардың жетіспеушілігі байқалған. Әйел бейнебақылау камераларын зерттеумен жеке кіріскен. Бірнеше күннен кейін қылмыс жасалған сәтті тапқан.
Тәттілерді жақсы көретін адам жігіт болып шықты. Оңтайлы сәтті пайдаланған ол жалпы құны 25 мың теңгенің 19 қорап кәмпитті қойнына тыққан. Кәсіпкер осы жазбамен полицейлерге жүгінген. Екінші бөлімнің жедел уәкілдері күдіктіні бірден таныды, ол бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған 20 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
– Ұрланғанды күдікті сатып жіберген, – дейді Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов. — Полицияға уақтылы жүгіну қылмыстарды «ізін суытпай» ашуды айтарлықтай арттыруға және ұрланған мүлікті қайтаруға септігін тигізетініне қала тұрғындарының назарын аудартамыз. Кәсіпкерлерге бизнес-объектілерді бейнебақылаумен жабдықтауға кеңес береміз, бұл қылмыстарды ашу мен алдын алудың ең сенімді құралдарының бірі болып табылады. Бейне камералар бар сауда нүктелерінде жасалған ұрлықтың көбі кезекші тәулікте ашылады.