Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында сотталған әйелдер мерекені ерекше атап өтті

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 мекемесінде сотталған әйелдер Бірлік мерекесін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының әйелдер колониясында сотталған әйелдер арасында 1 мамыр мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті.

Жазасын өтеушілер ән айтып, би билеп, шағын көріністер ойнады. Әр ұлттың киімдерін сотталғандар өздері дайындаған.

Іс-шара соңында сотталғандар мекеме әкімшілігін мерекемен құттықтап, осындай іс-шараны ұйымдастыруда басшылыққа алғыстарын білдірді.

– Бүгінгі таңда мекемеде 10-ға жуық ұлт өкілдері жазасын өтеп жатыр. Мұндай шаралар оларды біріктіреді. Жалпы, жазасын өтеп жатқан әйелдер назардан тыс қалмайды, – деп атап өтті Алматы облысы ҚАЖД бастығы Серік Әбдікәрімов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру