Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясының жас 25 қызметкеріне алғашқы қызметтік куәліктер табысталды

Алматы полициясының жас 25 қызметкеріне алғашқы қызметтік куәліктер табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас полиция қызметкерлеріне қызметтік куәліктерін табыстауға арналған салтанатты іс-шара Алматы қалалық полиция департаментінің мұражайында Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында өтті.

Алғашқы қызметтік куәлікті қатардағыдан полиция лейтенантына дейін алды. Іс-шараға департаменттің басшылығы, Алматы полициясы қызметтері мен бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ, тәжірибелі тәлімгерлер қатысты.

– Қызметтік жол – оңай емес, бірақ біздің Отанымыз үшін өте маңызды. Полиция қызметкерлеріне қойылатын талаптар айтарлықтай. Сіз оларға сәйкес келуіңіз керек. Азаматтардың жан тыныштығы және қоғамдағы заңдылықты сақтау сіздің кәсіби шеберлігіңізге және ұстанымыңызға байланысты, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Іс-шара соңында полицейлер заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, сондай-ақ, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындай бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру