Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жоғалған 3 жасар қызды тапты

Шымкенттік полицейлер жоғалған үш жасар қызды тауып, ата-анасына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 2 мамырында Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына 1999 жылғы тұрғын арызданған. Ол өз арызында сағат 13:00 шамасында үш жасар қызы үйден шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін көрсеткен.

Үш жасар қызды табу үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовтың дабыл қағуымен барлық аудандық полиция басқармаларына тапсырма берілді. Іздестіру іс-шарасына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 500-ден астам тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған қыз туралы сұрастырды.

Сондай-ақ, кинологияның қызметтік иттерімен іздестірілді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде кешкі сағат 22:10 да Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері “Отырар” шағын ауданынан бір шақырым жер арақашықтықтан үш жасар қызды аман-есен тауып, ата-анасына жеткізді.

Өз кезегінде, жоғалған қыздың ата-анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру