Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жыл басынан бері мопедистердің қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы орын алды

Атырауда жыл басынан бері мопедистердің қатысуымен үш жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа-райы жылына салысымен қаланың жолдарында мопедтер, мотоциклдер мен скутерлер жиі кездесуде.

Мопедистердің ұқыпсыз көлік жүргізуі, арнайы қорғаныс құралдарының болмауы, көлік қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы – жол-көлік оқиғаларының себептерінің біріне айналып жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кедергі келтіруде.

Жыл басынан бері мұндай көлік құралын жүргізушілердің қатысуымен қала жолдарында – үш жол-көлік оқиғасы орын алды.

Мысалы, 24 наурыз күні сағат 15:00 шамасында С.Бейбарыс даңғылы-Махамбет көше қиылысында “Приора” жане “Скутер” көліктері соқтығысып, нәтижесінде 2002 жылы туған скутер көлігінің жүргізушісі бас жарақатын алған.

Одан басқа, 9 сәуір күні сағат 18:57 шамасында С.Бейбарыс даңғылы-Махамбет көше қиылысында Toyota Ipsum автокөлігі мен скутер көліктері соқтығысып, оқиға салдарынан 1985 жылы туған скутер жүргізушісі сол жақ иығын және басын жарақаттап алып, Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған.

Сондай-ақ, 14 сәуір күні сағат 01:00 шамасында Сатпаев-Ерниязов көшелерінің қиылысында маркасы “Скутер” көлік кұралы бағдаршамның тыйым салынған түсінен өтіп, бағдаршамның рұқсат етілген түсінен өтіп келе жатқан “Мазда” маркалы көлігіне соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан 2003 жылғы скутер жүргізушісі және жолаушысы Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген.

Сонымен қатар, Атырау қаласы Полиция басқармасы мопедистердің назарына жолда жүр ережелерін қатаң түрде сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру