Алматыда қызметтік ит жоғалған жасөспірімнің ізіне түсті
Алматыда қызметтік ит жоғалған жасөспірімнің ізіне түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 жастағы А.есімді азаматтың жоғалуы туралы хабарлама полицияға 30 сәуірде келіп түсті. Баланың ата-анасының айтуынша, жасөспірім бір күн бұрын жанжал кезінде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
– Толыққанды отбасы. Белгілі болғандай, анасы ұлына ескерту жасаған, ол оған ренжіп, үйден қашып кеткен. Ата-анасы баласын өз бетімен табуға тырысты. Бірақ нәтижесіз болған. Келесі күні олар полициядан көмек сұраған. Мұндай жағдайларда әр минут алтынмен тең. Іздеуді біздің бөлімнің ювеналды полициясының қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, еріктілер және Полиция департаментінің тергеу-жедел тобы ұйымдастырды, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.
ПД ТЖТ құрамында «Есма» атты іздеу иті бар. Ол баланың ізін басып, алыс қашықтыққа қарамастан оны тапты.
– Ит үйден аялдамаға дейін алып барды. Куәгерлермен сұхбаттасу арқылы баланың автобусқа отырғандығы анықталды. Оны соңғы рет Қалқаман ықшамауданындағы көлік бөлшектер базарында көрген. Осы кезде Есма қайтадан ізге түсіп, із-түзсіз жоғалған баланың жолымен жүрді. Ит балалар ойын алаңына алып барып, бетін іздеудегі баланың аяғына соқты, – деді Алматы қалалық ПД кинологиялық қызмет Орталығының кинолог-инспекторы Медет Жұмағали.