Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Теміртауда мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қаласының полицейлері Ресейдің құқық қорғау органдарымен тонау фактісі бойынша іздеуде жүрген күдіктіні ұстады.

29 сәуір күні Қарағанды облысы Теміртау қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Тексеріс барысында ұсталған азаматтың аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды.

Күдікті 2017 жылы Омск облысында ашық тонау жасап, оқиға орынынан ізін суытқан. 2017 жылдың наурыз айында оған Ресей Федерациясының ІІМ Омск облыстық басқармасымен мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру