Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бурабай ауданында анасын ұрған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Бурабай ауданында полицейлер анасын ұрған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 1 мамыр күні Бурабай ауданының Пб-нің кезекші бөліміне Щучинск қаласының 40 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Әйел 23 жастағы қызы оған дене жарақатын салғанын хабарлады. Кейінірек қызы қылмыс жасағанын мойындады.

Тергеу барысында жанжалдың себебі қызғаныш болғандығы анықталды. Әйел өзімен бірге тұратын ер адамын қызынан қызғанған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлімі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру