Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер Жеңіс күніне арналған балалардың сурет көрмесін ұйымдастырды

Ақмолалық полицейлер Жеңіс күніне арналған балалардың сурет көрмесін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 мамырда Ақмола облысы ПД-нің қызметкерлері Жеңістің 76 жылдығына арналған балалардың сурет көрмесін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, балалардың Ұлы Отан соғысы тарихына деген қызығушылығын арттыру, батырлық оқиғалар туралы естеліктерді сақтау және ардагерлерге құрметпен қарау.Іс-шараға тыл еңбеккері, ішкі істер органдарының ардагері Ботан Оразбеков және ҰОС ардагерінің жұбайы Ксения Тюменцева шақырылды.

– Бұл әсерлі оқиға. Ұлы Отан соғысы туралы естелік біз үшін әрдайым өзекті болуы тиіс. Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы шынайы мәліметтерді сақтап қана қоймай, оларды біздің балаларымызға, немерелерімізге, барлық өскелең ұрпаққа жеткізуіміз керек. Көптеген балалардың суреттері бізге сол кездегі жағдайға енуге көмектескеніне өте қуаныштымын, – деді Ксения Тюменцева.

Шығармашылыққа ішкі істер органдары қызметкерлерінің алты жастан 10 жасқа дейінгі 30-дан астам бала қатысты.Балалар өз суреттерінде соғыс қимылдарына қатысушыларға ризашылық, құрмет, алғыс сезімдерін жеткізді.

Айта кетейік, әділ-қазылар алқасы Ақкөл ауданының ПБ, Степногорск қ. ПБ, Көкшетау қ. ПБ қызметкерлері балаларының терең мағыналы жұмыстарын бағалады. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша балалар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру