Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Виза жасап беремін”: сайрамдық тұрғын алаяққа алданып қалды

Түркістан облысында алаяқ тұрғынды шетелге шығуға қажетті визаны жасап беремін деп, алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, танысы 2020 жылдың шілде айында шетелге шығу үшін виза жасап беремін деп, 630 мың теңгесін алған. Алайда қаншама айлар өтсе де, уәдесін орындамаған, не ақшасын қайтармаған. Осылайша алаяққа алданғанын түсінген тұрғын, полицейлердің көмегіне жүгінеді. Аталған жайт ҚР ҚҚ-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

Орын алған алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полицейлер кінәлі ер адамды АПБ-не жеткізеді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.  Жауап алу кезінде күдікті өз кінәсін толығымен мойындады. Жинақталған іс-құжаттары айыптау актісімен  заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Бүгінде күдіктінің бас шарасы “келу туралы міндеттемеде”.

Түркістан облысының полицейлері азаматтардан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды. Қандай жағдайда болмасын, анық-қанығын білмей, белгісіз азаматтарға сенбеу керектігін қатаң ескертеді. Сақ болыңыз және күмәнді қызметтерді ұсынатын адамдардан оңай пайда табуға үміттенбеңіз. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру