Ақмола облысының үш тұрғыны «марихуана» сақтағаны үшін сотталды
Ақмола облысының үш тұрғыны аса ірі мөлшерде «марихуана» сақтағаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының үш тұрғыны аса ірі мөлшерде марихуананы заңсыз сатқаны үшін 10 жыл және одан аса мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ағымдағы жылдың 23 сәуірінде күшіне енген үкімімен Көкшетау тұрғындары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінде (Есірткі заттарын заңсыз өткізу) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
2020 жылғы наурызда Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында бұрын сотталған Көкшетау қаласының екі тұрғыны облыс орталығының аумағында 500 грамнан астам марихуана сатқаны үшін ұсталды. Ұсталған кезде күдіктілер тыйым салынған шөптен оны монша пешіне жағу арқылы құтылуға тырысты. Алайда, есірткімен күресуші полицейлер дәлелдерді «сақтап» үлгерді. Ұсталғандарға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР ҚК 297-бабы (Алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында Зеренді ауданында тұратын 44 жастағы кәсіпкер де анықталды, ол жедел уәкілдердің ақпараты бойынша ұсталған адамдарға есірткі заттарын өткізген. Алынған мәліметтерді тексеру мақсатында есірткімен күресуші полицейлер бизнесменді ұстады, оның барысында ұсталған адамның автокөлігінен екі килограмнан астам тыйым салынған тауар табылды және тәркіленді.
– Ер адамның бұрын заңмен проблемалар болмағанын ескере отырып, жағымды мінездеме берілгендіктен, «үй қамауына» алынды. Алайда тергеуде болғанына қарамастан, ол тиісті қорытынды жасамады және есірткі сатуды жалғастырды, ол үшін оны полиция қызметкерлері ұстады, – деді полиция қызметкері Мейрам Жапбасов.
Сотта сотталушылар оларға қатысты айыптаулармен жартылай келісті, бірақ әрқайсысының кінәсі бұлтартпайтын дәлелдермен расталды.
Бұрын сотталған ер адамдарда рецидив болғанын ескере отырып, оларға қылмыстық жолмен алынған мүлік тәркіленіп, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Кәсіпкер 10 жылға бас бостандығынан айырылды.