Ер адам Алматы облысының ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған затты кіргізбек болды
Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған заттарды түрмеге кіргізу фактісінің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/12 мекемесінде ҚАЖ қызметкерлері адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан сотталған адамға тыйым салынған заттарды беру фактісінің алдын алды.
Жақында, азамат Р. жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтеп жатқан сотталушымен қысқа мерзімді кездесуге келіп, тыйым салынған заттарды кіргізуге тырысты. Тексеру бөлмесінде, ҚАЖ қызметкерлерінің қырағылығының арқасында алып өту фактісінің жолы кесілді. Ер адам 10 ұялы телефонды, төрт зарядтағышты, құлаққапты және жасыл түсті заты бар қара түсті полиэтилен пакеттен жасалған кішкене түйіншекті беруге тырысты.
– Аталған факті бойынша мекемеге процессуалдық шешім қабылдау үшін Қапшағай қаласының жедел-тергеу тобы шақырылды. Жасыл түсті зат пен түйіншек шығу тегін анықтау үшін сараптамаға жіберілді, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.