СҚО-да полицейлер мектеп оқушыларымен дәріс өткізді
Полицейлер Жол жүрісі ережелері бейнеленген торттарды үлестіре отырып, мектеп оқушыларымен дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мектеп оқушылары асыға күткен жазғы демалыстың басталуына аз-ақ қалды. Облыс көлемінде полицейлер балалардың жол-көлік жарақатын алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейтті.
Жылдам жүретін велосипедтер, самокаттар, гироскутерлер – соңғы жылдары жастар жақсы көретін көліктердің түрлері арта түсті. Сол себепті жолдарда автокөліктің саны көбейді. Балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер мектептерде кең ауқымды дәрістер өткізуде, көшелерде жас велосипедшілермен әңгіме жүргізуде, олардың ата-аналары және ұстаздарымен ақыл-кеңестерімен бөлісуде. Мұрат Айтқожин атындағы №1 орта мектептің қабырғасында тәртіп сақшылары төртінші сынып оқушыларымен кездесті. Бұл мектеп көлік көп жүретін базарға жақын, қаланың орталығында орналасқан. Ювеналдық полиция мен патрульдік полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерге қатысты Жол жүрісі ережелерінің негізгі тармақтары жайлы қарапайым тілмен әңгімелеп берді. Балалардан бұл ақпаратпен өздерінің інілері мен қарындастары және ауладағы достарымен бөлісуді сұрады. Жергілікті полиция қызметі аппараты мен патрульдік полиция қызметкерлері санынан құралған тағы бір топ №27 орта мектепке ат басын бұрды. Төртінші сыныпты аяқтаған балалармен тиянақты әңгіме жүргізілді. Полицейлер алдын ала талдау жүргізді, сондықтан мақсатты аудиторияның таңдап алынуы кездейсоқ емес: атап айтқанда төртінші сыныпқа дейінгі балалардың көбін мектепке ата-аналары әкеледі және алып кетеді, ал бесінші сыныптан бастап балалардың өздері сабаққа барып, үйлеріне келеді. Балаларға полицияның жұмысына қатысты кез-келген сұрақ қоюға мүмкіндік берілді, жол белгілерінің маңыздылығы бойынша ойын викториналары өткізілді, іс-шара соңында полицейлер мектеп оқушыларын Жол жүрісі ережелері тақырыбы бойынша безендірілген дәмді торттармен қуантты. Осыған ұқсас іс-шаралар облыстың барлық мектептерінде өткізілуде: 12 мамырдан бастап ІІМ бастамасы бойынша «Абайлаңыз-балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара бастау алды.
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, биылғы жылдың төрт айында облыс жолдарында балалардың қатысуымен 12 ЖКО тіркеліп, оның нәтижесінде 13 бала жарақат алған. Зардап шеккен 13 баланың тоғызы ЖКО жасалған сәтте жаяу жүргінші болған. Сондай-ақ, 13 ЖКО талдауына сәйкес тек екі автоавария балалардың кінәсінен орын алған. Осы орайда полицейлер мектеп оқушыларын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын, сондай-ақ жүргізушілерді Жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға; жолда және көпқабатты үйлердің аулаларында көлікті қою кезінде өте абай болуға шақырады.
Жалпы, төрт айда СҚО жолдарында 48 ЖКО тіркелген, оның нәтижесінде алты адам қаза тауып, 60-ы жарақат алған.