Ақтөбеде 1 апта із-түссіз кеткен қыз табылды
Ақтөбеде полиция бір апта бойы үйде болмаған кәмелетке толмаған қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 мамырда Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы №1 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне кәмелетке толмаған қыздың анасы жүгінді. Ол 2005 жылы туған кәмелетке толмаған қызының 7 мамырда үйінен кетіп, әлі күнге дейін үйіне оралмағанын хабарлады.
Полиция қызметкерлері қыздың болуы мүмкін барлық орындарды тексеріп, таныстарымен сөйлесті. 13 мамыр күні Астана ауданы №1 ҚПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция қызметкерлері 16 жастағы қызды Электрон дүкенінің маңынан тауып, анасына тапсырды.
Кәмелетке толмаған баланың анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) және ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі (Өзінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.