Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Көлікті шығарып беремін»: сайрамдық тұрғын алаяқтың арбауына түсті

Түркістан облысында «айыптұрақтан көлікті шығарып беремін» деген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ арызданған жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізді. Соқтығысқан көлігін айып тұрағынан шығарып беремін деген күдікті 199 мың теңгесін алып, содан жасырынып жүргендігін көрсеткен. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабының (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Сайрамдық тәртіп сақшылары тұрғынның сеніміне кіріп, ақшасын алған күдікті тұрғынды тауып, қылмысты ашу мақсатында жедел- шараларды жүргізді. 

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші Nexia көлігімен Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасын жасайды. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының алдында жолыққан танысы «айып тұрағынан көлікті шығарып, оңтайлы шешім қабылдатып беремін» деп ақша сұраған. Содан сеніміне кіріп 199 мың теңгесін алған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда, алаяқтық жолмен азаматтарды алдап, сенімге кіріп, соңында полицейлердің көмегіне жүгініп жатқандар көбеюде.

Сондықтан, Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері мүмкіндігінше сақ болып, кез-келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін айтады. Егер де сіз осындай қылмыстардың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, онда міндетті түрде полицияның жедел желісі «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру