Алматы полициясы жасанды интеллекті бар бейнекамералар туралы айтты
Алматы полициясы жасанды интеллекті бар бейнекамералар туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полиция Департаментінің хабарлауынша, бейнекамераларды пайдалану қылмыстың азаюына оң әсер етті.
Бүгінде полиция төрт мың бейнебақылау камералары көмегімен қаладағы заңдылық пен тәртіпті бақылайды, олардың 600-і жасанды интеллектпен қамтамасыз етілген және бұзушылықтарды адамның қатысуынсыз өздері тіркейді. Камера іздеуде жүрген адамды немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар автокөлікті анықтай алады. Олардың көмегімен жыл басынан бері бір мың 400 қылмыстың беті ашылды, 780 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деді Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов.
Сондай-ақ полиция Президенттің Алматы қаласын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жоба әзірленіп жатқандығын, оған сәйкес тәртіп сақшылары қаланың әртүрлі нысандарындағы барлық бейнекамераларға қол жеткізе алатындығын айтты.
– Әңгіме сауда үйлері, ауруханалар, емханалар, мектептер, бір сөзбен айтқанда, азаматтар жаппай баратын орындар туралы болып отыр. Осылайша, біз қалада 100 мың бейнебақылау камералары арқылы тәртіпті сақтауға мүмкіндік аламыз. Біз дәл осы алдын-алу шаралары жалпы қылмыстың азаюына оң әсер еткеніне сенімдіміз. Біздің қала тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз болды. Сондықтан біз осы бағытта жұмыс жасай береміз, – деп қорытындылады Қанат Таймерденов.