Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жол апатынан бір адам мерт болды

Павлодар облысында үш ЖКО орын алды, бір адам мерт болып, екеуі түрлі жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14-15 мамыр күндері Павлодар облысында үш жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан бір жаяу жүргінші қаза тауып, екеуі түрлі жарақат алды.2021 жылғы 15 мамырда сағат 22.30-да 10 км. «Омбы-Майқапшағай» автожолында «ВАЗ 2108» автокөлігінің жүргізушісі 51 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жүргізуші қылмыс орнынан қашып кеткен. Дереу «Тосқауыл» жоспары енгізілді, оқиға орнынан одорологиялық із алынды, мамандардың сипаттамасы бойынша ұқсас барлық автокөліктер тексерілді.

– 16 мамырда жүргізілген шаралар кешені мен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстады. Ол Павлодар ауданы ауылының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Куәландыру жүргізушінің орташа дәрежеде мас күйде болғанын көрсетті, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі және 347-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

14 мамырда сағат 21:40-та Павлодар қаласындағы Толстой көшесіндегі 98/2 үйге қарама-қарсы «Toyota Camry 20» автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші реттелмейтін жаяу жүргіншілер жүретін жол бөлігінен өтіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

15 мамырда  сағат 21:50-де Железин ауылында Садовая көшесіндегі 12 үйдің жанында «ВАЗ 21099» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Барлық автокөліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Барлық жол-көлік оқиғалары бойынша тексерулер жүргізілуде

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру