Қонақ үйдің терезесін сындырған шымкенттік анықталды
Қонақ үйдің терезесін сындырған шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 16 мамырында Шымкент қаласының Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық ПБ-ның 102 сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам Шымкент қаласында орналасқан қонақ үйдің үш дана терезесін және есігін сындырғанын көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын – 600 мың теңге.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби АПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 30 жастағы азаматты анықтап, ұстады.